Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева тағы да сәбилі болғысы келетінін жасырмады

Өнерден алыстап кеткен Динара Қырықбаева кенже ұлының өзіне жасаған өтініші туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/kyrykbayeva

“Бүгін ұлым “іні керек” деді. Айшада Айя бар, ал мен жалғызбын. Олай болса, бізге тағы бір ұл керек” , – дейді ол әзілдеп. 

Сондай-ақ ол оқырмандардан келген сауалдарды да жауапсыз қалдырмады.

“Киноға түсуге ұсыныс жасаса, келісер ме едіңіз?” деген сұраққа ол: “Жоқ, бас тартар едім. Себебі, мен актриса емеспін. Мен бұл саланы меңгерген жоқпын. Ал киноға тек аталмыш саланың оқуын оқыған мамандары түсу керек. Егер болашақта актриса болғым келсе, ең бірінші актерлік шеберлікке үйрететін курстарға қатысамын”, – деп жауап берді. 

Айта кетейік, Динараның сахнадан кеткеніне 15 жыл болды. Қазір бір өзі Айша, Айя, Бисұлтан есімді үш перзентін тәрбиелеп отыр.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 15:58