Динара Қырықбаева: "Өнерден кеткеніме 15 жыл болды"
Танымал әнші Динара Қырықбай өнерді, сахнаны сағынғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/kyrykbayeva
Ол өзін “Cахнаға оралсам ба?” деген ойлар мазалайтынын айтып қалды. Бұл сұрақты Динара әлеуметтік желідегі оқырмандарына да қойса керек.
Желі қолданушылары әншінің бұл ойын құптап, өзін сағына күтіп жүргендерін жеткізді.
“Әрине, сіз тума талантсыз ғой”, “Күтіп жүрміз”, “Оралыңыз, жассыз, таланттысыз”, “Сізді сахнадан көрмегелі көп болды”, – деп жазып жатты желідегілер.
“Оқырмандарға шағын сауалнама жасап едім, маған жазған жауаптарыңыз қуантып тастады. Өнерден кеткеніме 15 жыл болса да, мені күтіп жүрген тыңдармандарым көп екен”, – дейді Динара.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген