Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динагүл Тасова кеудесін жасатуға қанша ақша кеткені туралы айтты

Қазақстанға өзінің ерсі қылығымен және ашық омыраумен танылған Динагүл Тасова әлеуметтік желіде тағы да кеудесін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол ішкиімсіз түскен фотосын өзінің Instagram парақшасына жүктеген. Оның суреті оқырмандардың тағы да қызу талқысына түсті. 

Әсіресе, желінің пайдаланушы әйелдер оның "көрікті" кеудесіне қанша ақша құртқандығы жайлы сұраған.

Динагүл елге тыныштық бермеген оның омырауының отасына 1,5 мың доллар кеткендігін ашып айтты. 

"Жүйке жүйесі әлсіз адамдарға қарауға және үйленген азаматтарға лүпіл басуға кеңес берілмейді. Бойдақтарға алтын сырға: мен қорылдамаймын", - деген жазба қалдырыпты Динагүл суретінің астында. 

Оның бүл суретіне ер азамат оқырмандар тәнті болған секілді. 

"Кеудеңіз жаңа көліктің бамперіндей әдемі", "сіздің фотографыңыз болайыншы" деп жазыпты әлеуметтік желі қолданушылары.  

Талқылау