Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері "Балалар ауылына" музыкалық аспаптар сыйлады
17 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінде Димаш Құдайбергеннің Британдық жанкүйерлерімен кездесу өтті. Қазақстандық әншінің Ұлыбританиядағы жанкүйерлері “Балалар ауылының” қайырымдылық ұйымына 1 миллион теңге көлемінде чек табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Dimashnews” сайтына сілтеме жасап.

©dimashnews.com
Жиналған қаражат балалар ауылдарындағы дарынды балаларға арналған музыкалық аспаптарды сатып алуға, оларды кейіннен оқыту үшін, атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі аспабы домбыраға жұмсалады.
Димаштың Британдық жанкүйерлері мен Лондондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысқан іс-шарада қазақ тілі дәріптелді. Танымал "Балапан" балалар телеарнасының жүргізушісі Miss Kaussar қазақ тілінің экспресс-сабағына қатысып, шетелдік жанкүйерлерге қазақ тілін үйретті.
Жиын соңында жиналған қауым Димаш Құдайбергеннің “Махаббат бер маған” және "Ұмытылмас күн" әндерін қосыла шырқады.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді