Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері "Балалар ауылына" музыкалық аспаптар сыйлады

17 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінде Димаш Құдайбергеннің Британдық жанкүйерлерімен кездесу өтті. Қазақстандық әншінің Ұлыбританиядағы жанкүйерлері “Балалар ауылының” қайырымдылық ұйымына 1 миллион теңге көлемінде чек табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Dimashnews” сайтына сілтеме жасап.

©dimashnews.com

Жиналған қаражат балалар ауылдарындағы дарынды балаларға арналған музыкалық аспаптарды сатып алуға, оларды кейіннен оқыту үшін, атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі аспабы домбыраға жұмсалады.

Димаштың Британдық жанкүйерлері мен Лондондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысқан іс-шарада қазақ тілі дәріптелді. Танымал "Балапан" балалар телеарнасының жүргізушісі Miss Kaussar қазақ тілінің экспресс-сабағына қатысып, шетелдік жанкүйерлерге қазақ тілін үйретті. 

Жиын соңында жиналған қауым Димаш Құдайбергеннің “Махаббат бер маған” және "Ұмытылмас күн" әндерін қосыла шырқады.

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 13:25