Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзі сондай тәтті": Димаштың алмұрт жеп тұрған суретін 230 млн адам қарады (видео)

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде алмұрт жеп тұрған Димаш Құдайбергеннің суреті 230 млн көрілім жинады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш

Бұл туралы әншінің өзі парақшасында жазды. 

«Әуежайда фотоаппарат объективтеріне мән бермей алмұрт жеген сәттегі сезім. Weibo желісінде бұл суретімді 230 млн адам көрген екен. Қандай алмұрт жедім деп ойлайсыздар?» - деп жазды әнші. 

Әншінің ерекше "тәтті" екенін айтып сүйсінгендер де көп. 

"Халық мені дұрыс түсінбей қалды": Қанат Үмбетов экс-әкімге жақындығы, Димаш пен өнері туралы >>>

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің 10 желтоқсан күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Arnau tour ENVOY атты жеке ән кешін өткізетіні хабарланды. Жас әнші аталған концертте қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ән шырқайтын болады. 

Ал 11 наурыз күні әнші Киевте жеке ән кешін өткізетін болады. Аталған екі концертке де билеттер сатылымға шығып қойды. 

Сондай-ақ, Stan.kz тілшісі Димаш Құдайбергеннің тыңдармандарымен кездесіп, олардың жүрекдарды тілегін тыңдап қайтқан еді. 

Талқылау