Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Димаштан сәби сүйгім келеді": Әншінің баламен түскен суреті нәзік жандыларды сүйсіндірді

Әншінің сәбиді құшақтап түскен суреті шетелдік нәзік жандыларды шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің сәбиді құшақтап түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыздар суретке сүйсіне қарағандарын жарыса жазып жатыр. Тіпті, арасында одан сәби сүйгісі келетінін айтқандар да болды. 

«Димаш – әлемдегі барша нәзік жандының арманындағы жігіт», «Меніңше, жақсы әке болу үшін, алдымен, жақсы жар болу қажет. Ал Димаш балаларды ерекше жақсы көреді. Себебі, оның Құдайбергендей атасы мен Қанаттай үлгі боларлық әкесі бар. Ол жауапкершілігі мол, көңілді жүретін ерекше жан. Болашақта бақытты да берекелі отбасы құрасың деген ойдамын», «Димаш, мен сені шексіз жақсы көремін. Өзіңмен мәңгілік бірге болғым келеді», «Мына сурет қандай күшті еді. Армандап кеттім ғой» деп жазды желі қолданушылары. 

Сондай-ақ, суретке қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі суреттегі басқа жігіт екенін айтса, енді екіншілері «Димашты мұрнынан таныдық» деп жазып жатыр. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр