Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаңырағында достарымен бірге ән салған Димаштың ата-анасы жұртты сүйсіндірді (видео)

Димаштың концертінен кейін ақтөбеліктер бас қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайлы Табылды Досымов атындағы қордың директоры Бижан Қалмағанбетов желідегі парақшасында бөлісті. Ол Димаш Құдайбергеннің концертінен кейін Қанат пен Света Айтбаевтардың шаңырағында бас қосқанын айтқан. Бижан Қалмағанбетов жиналғандардың туған жер туралы айтқан әнінің бейнежазбасын жүктеп, көңілді кеш болғанын жеткізді.

"Димаштың концертінен соң. Қанат пен Светаның шаңырағында", - деп жазды Бижан Қалмағанбетов. 

Желідегілер бейнежазбаны көріп, ақтөбелік өнерпаздардың ұйымшылдығына риза болған. Олар тілектерін жаудырып, ақ ниеттерін білдірді.

"Керемет! Жақсы, қуанышты күндеріңіз көп болсын", "Қандай бақытты сәт", "Әдемі ән", "Көңілді отырыс", "Ән өте әсерлі", "Тамаша", "Димаштың ата-анасы өте қарапайым жандар екені көрініп тұр", - дейді жұрт.

Талқылау