БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатаң қадағалап отырмыз": Анасы Ержан Максимнің жұлдыз ауруына шалдығуына жол бермейтінін айтты

Ержан Максимнің анасы ұлының жұлдыз ауруына шалдықпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

"Голос. Дети" байқауының жеңімпазы Ержан Максимнің анасы баласына көп көңіл бөлінсе де, жұлдыз ауруына шалдықпайтынын айтады. Қарапайым отбасында тәрбиеленген жас әнші қашан да, қандай дәрежеге жетсе де халықтың баласы болып қала береді.

"Иә, ол өзіне көп көңіл бөлетінімізді біледі. Жұлдыз ауруы деген бар, бірақ Ержанның ондай ауыруға шалдығуы мүмкін емес. Өйткені, Ержан қатаң қадағалауда. Үнемі Димаш Құдайберген сияқты бол деп айтып отырамыз. "Ата-анаң қарапайым, сондықтан жұлдыз болма" деп түсіндіреміз. Ол өте мейірімді адам, сондықтан жұлдыз ауруына ұшырамайды", - дейді Ержанның анасы Гүлмира Әлібек.

Сонымен қатар, Ержанның анасы әншінің бос уақытының барлығын бауырларымен өткізетінін жасырмады. Киноға, сырғанақ тебуге, суға түсуге де жақындарымен барады әнші. Салауатты өмір салтын ұстанатын ол, тіпті, компьютерлік ойындарды да көп ойнамайтынын жеткізді.

"Ойнамағаныма көп болды. Counter-Strike ойнамаймын. Ұшақта кетіп бара жатқан кезде, ішім пысқанда телефондағы ойындарды ойнайтыным бар", - дейді Ержан Максим.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр