Димаш Құдайберген болашақ әйелі қандай болу керектігін айтып берді (видео)

Димаш Құдайберген The Amazing Idol деп аталатын қытайлық шоуға сұхбат беріп, қандай қыздарды ұнататынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

"Қандай қызды ұнатамын? Осы сұрақ бәріне қызық-ау деймін. Әркімдігі өзіне, ай көрінер көзіне" дейді ғой. Сондықтан менің жеке басыма ғана тән талғамым бар. Мысалы, мен үшін ең бастысы — қыздың тәрбиелі, көрегенді болғандығы, биязы мінезімен, нәзіктілігімен көзге түсе білетіндігі.

Ең алдымен, менің болашақ жарым ата-анамның көңілінен шығуы керек. Ата-анамды менен көбірек жақсы көрсе, нұр үстіне нұр. Әрине, сыртқы келбет жағы да өте маңызды нәрсе. Оны маңызды емес, жақсы адам болса жеткілікті десем, өтірік айтқаным", — дейді талай жанды даусымен тамсандырған әнші.

Сұраққа жауабын қорытындылай барған жерлерінен әдемі қыздарды көріп жүргенін, әдемі қыздардың көп екенін айтып өтті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр