Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог балмұздақтарды жеуге болатын уақыттарды атады

Тамақтану, биотехнология және азық-түлік қауіпсіздігі федералды ғылыми орталығының диетологы Тамара Прунцева балмұздақты қай уақытта жеу дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Прунцеваның айтуынша, балмұздақты тұтыну уақыты және тағамның мөлшері маңызды.

"Егер адамның салмағы қалыпты және физикалық белсенділігі жеткілікті болса, екінші таңғы ас ретінде бір стақан балмұздақ жеу — ыстықта жақсы таңдау", — деді диетолог.

Оның сөзінше, түнде балмұздақты, тіпті төмен калориялы болса да жеуден бас тартқан дұрыс.

Прунцева балмұздақ құрамында қант пен майдың мөлшері көп калориялы десерт болғандықтан, оны қант диабетімен, артық салмақпен және асқазан-ішек жолдары ауруларымен ауыратын адамдарға тұтынбауға кеңес берді.

Дәрігердің айтуынша, балмұздақ таңдағанда құрамындағы ингредиенттері аз нұсқаларға артықшылық берген дұрыс.

"Балмұздақ құрамындағы “Е” деп белгіленген консерванттардан немесе қоспалардан қорықпаңыз. Консерванттар өнімнің ұзақ сақталуы үшін қосылады, ал "Е" қоспалары негізінен табиғи болады", — дейді диетолог.

Десерттің ең зиянсыз нұсқасы ретінде Прунцева толығымен жеміс жидектерінен тұратын сорбеттерді алуға кеңес берді.

Талқылау