Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетолог арықтау үшін күнделікті жейтін тағамның қауіпті екенін айтты

Күріш диетасынан КСРО кезінің өзінде бас тартылған. Себебі олардың жанама әсері болыпты.

Диетолог арықтау үшін күнделікті жейтін тағамның қауіпті екенін айтты

Бұл туралы диетолог дәрігер Елена Чедия айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап. 

Диетологтың сөзінше, егер күріш диетасын ұзақ уақыт ұстанса, организмде дәрумендер жетіспеушілігі туындайды. Өз сөзінде ол күрішті таңдаған кезде оның өңделуіне назар аудару керектігін айтты. Өңделген күріштің айтарлықтай пайдасы жоқ, ал өңделмеген түрінде дәрумендер, микроэлементтер мен минералды заттар бар. 

Сонымен қатар дәрігер тек қана күріш диетасымен арықтауға болмайтынын айтты. Себебі оның құрамында адамға қажетті ақуыздар мен майлар жоқ.

Чедияның сөзінше, күрішті бәрінен бұрын таңғы асқа немесе гарнир ретінде жеген жөн. Десе де мөлшерін білу керек, дейді ол. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр