AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Скатова әріптесі Асаубектің сезімін не себепті қабылдамағанын айтты

Тележүргізуші Диана Скатова әріптесі Асаубек Айымбетовпен ара қатынасы жайлы ашық айтты. Одан бөлек көпшілікке бағдарлама әншісі ретінде танылған Сұлтанмен қандай байланысы барын жеткізді. Тележүргізуші өміріне қысқаша шолу жасап берді.

Бұл туралы “Талқылайық” бағдарламасында айтылды. 

Диана Скатова бір жарым жылдан бері көрерменнің көз алдында. Көпшілікке қарапайымдылығымен, шынайылығымен, сыңғырлаған даусымен ұнайды. Сөз салатын жігіттер қатары көп болғанымен бойжеткен тұрмыс құруға асығар емес. Ал әріптестерінің ұсынысы достық мағынада болған дейді. 

“Асаубектің маған жасаған сыйы жаңа жылдық әзіл болатын. Шоу ретінде түсірген еді. Содан көрермен екеумізді жұп деп ойлап қалды. Шындығында екеуміз жай ғана доспыз, әріптеспіз. Сұлтанмен де солай. Бір бағдарламада жүрген соң бізді қосып жатады. Алайда бізде достықтан артық қатынас жоқ дейді”, – деді тележүргізуші.

Диана өзіне аптасына бір жігіт ұсыныс айтады дейді. Алайда сөз алуға асық емес.

“Маған күнде, аптасына сезім білдіріп жататындар көп. Желідегілерге мән бермеймін. Себебі ол таныстыққа жатпайды. Жігітпен әбден араласып, көзім жеткен соң ғана танимын. Содан кейін ғана кездесуге барамын. Бірақ ол үшін сенімді болуым керек. Лауазымды азаматтар да, ақшасы бар азаматтар да сөз салды. Маған ақша маңызды емес. Маған азаматтың өзі маңызды. Ешқашан ешкімге тоқал болмаймын. Тоқал болатындарды айыптамай-ақ қояйын. Бірақ мен азаматымды ешкіммен бөліскім келмейді. Мен эгоиспін. Оны жасырмаймын”, – деді ол. 


Қалаулымдық Диана: Инстаграм арқылы айына 1,5 миллион теңге табамын


Диана Скатова тұрмыс құруға дайын. Алайда тоқал болатын жоспары жоқ. Ешкімнің тоқалы емес. Көпшілікке мұны ашып айтты. Жасандылықты жаны сүймейді. 

“Мен жасанды ота жасатып көрмеппін. Болашақта да ойым жоқ. Қазір көп қыздар жасанды сұлулыққа жүгінеді. Мен ондайды қаламас едім. Мен үшін сұлулық –шынайылық. Омырау мен ерін ісіруді тырнақ жасағандай көреді. Соншалықты қолжетімді болып кетті. Мен ондайға қарсымын”, – деді бойжеткен 

Телеарнадан бөлек жарнама арқылы жақсы ақша табатынын айтады.

“Телеарнадан көп ақша аламын. Қосымша желіден жарнама жасаймын. Жарнама 1000 доллар болады. Сторис бағасы 100 мыңның айналасы. Нақты соманы айтқым келмейді. Оны адамдарым шешеді”, – дейді. 

Талдықорғанда туып, Аягөзде өскен Диана отбасымен бірге Алматыда тұрып жатыр. 

“Отбасымызбен Алматыдан үй алдық. Сонда тұрамыз. Әкем мен ағам инженер. Анам саудамен айналысқан адам. Әкем екеуі тігін фабрикасында танысқан. Қазір әкем мен ағам Алматыда өз саласы бойынша жұмыс істейді”, – деді тележүргізуші. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр