Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисшілер бақ сынамақ

4 ақпанда қазақстандық теннисшілер Чили құрамасымен Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде алғашқы кездесулерін өткізеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алғашқы кездесу Астана уақытымен 21.00-де басталады.

Бірінші ойын күні Тимофей Скатов Кристиан Гаринге қарсы ойнаса, кейін алаңға Александр Бублик пен Николас Джарри шығады.

5 ақпанда, жарыстың іріктеу кезеңінің екінші күні үш ойын жоспарланған. Жұптық кездесуде Александр Недовесов пен Андрей Голубев Алехандро Табило мен Томас Бариосқа, кейін жекелей сында Александр Бублик пен Кристиан Гарин кездеседі. Серияның финалдық кездесуі Тимофей Скатов пен Николас Джарри арасында өтпек.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 04 Ақпан, 2023 18:23
Талқылау