Дэвис кубогында Қазақстан Чилиге есе жіберді
Ла-Серена қаласында Дэвис кубогінің іріктеу матчында Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар жұптық сында жеңіліп қалғаннан кейін Александр Бублик Кристиан Гаринге қарсы ойнады. Қазақстан құрамасы осы ойында ұтса ғана жолдама үшін таласты жалғастыратын еді.
Бірінші партияда К.Гарин 4:1 есебімен алға шықты. А.Бублик есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 4:6.
Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасады. Сосын мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте чилилік спортшы брейкпен алға шығып, 3:1 есебімен жеңді. Ақыры ол бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.
Осылайша Қазақстан құрамасы Чилиге 1:3 есебімен жол беріп, Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шыға алмай қалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

