Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сыр бере бастады: Димаш неге спортпен айналыспай кеткені туралы

Димаш Құдайберген бала күнінен өнерден бөлек, спортқа да ерекше құмар болғанын айтты. Алайда оларды жарты жолдан тастауына денсаулығының сыр бере бастағаны себепші екенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ұлттық арнаға сілтеме жасап. 

Димаш

«Жасөспірім кезінде 3-4 жылдай таэквондомен айналыстым. Аталған спорт түрімен қызыл белбеуге дейін жетер-жетпес айналыстым. Уақыт тапшылығына байланысты маған таңдау жасау керек болды. Я спорт, я музыка дегендей. Өйткені кішігірім үлгере алмай жүрдім. Оның үстіне ішкі құрылысымда кішігірім ақаулар пайда болды, денсаулық сыр бере бастады. Содан кейін қойып кеттім», - дед Димаш. 

Әрі қарай әнші бұл өзі тұрақты түрде айналысқан жалғыз спорт түрі емес екенін айтты. Сондай-ақ, ол тыңдармандарынан өзіне дауыс октавасына қарап баға бермеуін өтінді. 

«Қателеспесем бес жыл қатарынан жүзумен айналыстым. Жүзуді өте қатты жақсы көретін едім. Әлі күнге дейін қай елдің қонақ үйінде болсам да, бассейнге барып, өзімді шынықтырып тұруға тырысамын. Өйткені вокал деген – кәдімгі спорт. Ол – таза математика», - дейді жұлдыз. 

Талқылау