Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің ісі: Сотталушы Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздіктегі түрмеге қайтарылады

Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының кассациялық алқасы бас прокуратураның шағымын қанағаттандырды.

Денис Теннің ісі: Сотталушы Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздіктегі түрмеге қайтарылады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаеваны колонияға қайтару туралы шешім қабылдады, деп жазады Sputnik.

Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының кассациялық алқасы бас прокурордың наразылығын қанағаттандырды. Бас проркурор сотталушы Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруды талап етті және баланың туылуына байланысты колония қонысында жазасын өтеу туралы Алматы сотының шешімі күшін жоюды сұрады. 

Кассациялық шешімге сәйкес, Толыбаева жазасын атқаратын колонияға оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Толыбаева орташа күзет колониясынан биылғы жылдың наурыз айында ең төменгі қауіпсіздік колониясына ауыстырылды. Оған баланың туылуы себеп болды.

Айта кетейік, Сот шешіміне сәйкес, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға, үшінші күдікті Толыбаева Жанар 4 жылға сотталған еді. Жанар Толыбаева түрмеде босанды.

Талқылау