БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дене бітімі мінсіз модель сұлулықты жоғалтпау үшін не істеу керектігін айтып берді

22 жастағы жаттықтырушы, модель Стэфани Клэр Смит әлеуметтік желідегі парақшасында дене бітімін жоғалтпай, артық салмақтан қалай арылуға болатынын, салауатты өмір салтына көшу ішін не істеу керектігін жазады. Оның кеңестері парақшасына жазылған 1,4 миллион оқырманының басым бөлігіне көмектесуде. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға модельдің дене күтімі, сұлулыққа қатысты ең үздік кеңестерін ұсынады.

"Барлығымыз әртүрліміз. Сондықтан "Не істеу керек? деген тізім әр адамда өзгеше. Бірақ "Не істемеу керек?" деген тізім бәрімізге ортақ", — дейді Стефани Смит.

"Тамақ ішуді ешқашан кейінге қалдырмаңыз. Біздің ағзамыз дұрыстап жұмыс істеу үшін энергияны қажет етеді. Сондықтан аштық — тығырықтан шығаратын жол емес"

"Егер көп калорий тұтынамын деп уайымдасаңыз, тамағыңыздың мөлшерін азайтыңыз. Ағзада ақуыздың, жемістердің, майлардың, астық тұқымдастардың реті болуы керек. Бірақ тамақтан бас тартудың керегі жоқ"  

 

"Басқа біреу сияқты болуға ұмтылмаңыз. Әр адамның өзіндік генетикасы бар. Бұрын мен өзімді басқалармен салыстыра беретінмін. Осының кесірінен қиналатынмын. Өзіңізді қабылдап, өзіңізге сенімді болу керексіз"

"Сонымен қатар, сыртқа шығу болсын, түнгі уақытта тығылып бургер сатып алу болсын, өзіңізге ләззат сыйлайтын дүниелерден бас тартпаңыз ". 

"Тағы да не істемеу керек? Диета ұстап, дене пішіміңізді ретке келтіре білгеніңізге бола өзіңізді біртума адаммын деп санамаңыз. Жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Берілудің керегі жоқ"

"Салауатты өмір салтына көшкеннен кейін шегінерге жол жоқ екенін бірден түсінесіз. Өзіңізді мақсатыңызды басыңыздан шығармаңыз, ұмытпаңыз".  


Шашты қалың әрі әдемі етіп тез өсіруге арналған 15 кеңес
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр