Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДҰ: Барлық вакциналар "Дельта" коронавирусынан қорғауға қабілетті

Қазіргі қолданыстағы вакциналардың барлығы адамдарды үнділік коронавирустың жаңа штаммынан қорғауға қабілетті, деп мәлімдеді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове.

вакцина

"Вакцинаның тиімділігі тұрғысынан, біз барлық нұсқалары үшін, соның ішінде “Дельта” нұсқасы үшін де вакциналар тиімді екенін айтқымыз келеді", - деді ДДҰ өкілі.

Сонымен бірге, оның айтуынша, препараттың екі дозасын да қабылдау қажет.

ДДҰ өкілі атап өткендей, "Дельта" нұсқасы өлім-жітімнің артуына себеп болатындығы туралы әлі күнге дейін ешқандай дәлел жоқ, бірақ түпкілікті тұжырымдар үшін деректер әлі де жеткіліксіз. Әзірге Шотландияда бұл штаммен инфекцияның ауруханаға жатқызу қаупін жоғарылататындығын көрсететін зерттеу ғана бар.

Дәрігерлердің алдын ала қорытындылары бойынша коронавирустың жаңа мутациясы оның антиденелерге қарсы тұру қабілетін арттырады, сондықтан вакцинацияланған адамдар да COVID-19 ауруымен ауырады. Оның үстіне, бұл штамм науқастың қанындағы тромбоциттер санының күрт көбеюін тудырады, бұл тромбоз бен инфарктқа әкелуі мүмкін.

Қазақстанда коронавирустың үнді штаммдарының айналым ықтималдығы анықталғанын атап өткен жөн. Бүгін үкіметтің отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой “Дельта” штаммының таралуына байланысты елде карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін екенін айтты.


 

Талқылау