Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ 15 жастан 49 жасқа дейінгі әйелдерге алкоголь ішуге тыйым салуды ұсынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мамандары 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдерге алкоголь ішуге тыйым салу керек деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Алкогольді тұтынуға қарсы іс-қимылдың жаһандық жоспарына сәйкес балалар, жүкті әйелдер және бала туу жасындағы әйелдер арасында алкогольді тұтынудың алдын алуға тиісті назар аудару қажет.

Мамандар алкогольді ішу аурудың жоғарылауымен, психикалық денсаулығының нашарлауымен, зорлық-зомбылықпен және өнімділіктің жоғалуымен байланысты екенін ескертті.

"Жүктіліктің бірінші үш айлығында алкоголь бірқатар ауыр салдарға алып келеді. Атап айтқанда, ең нашары – алкогольдің ұрықішілік әсері және ұрықтағы алкоголь спектрінің бұзылуының дамуы. Осы себепті біз бала туу жасындағы барлық әйелдерге алкогольді ішуге тыйым салуға шақырамыз", – делінген ұйым хабарламасында.

Соңғы жылдары жүкті әйелдердің саны күрт төмендеді. ДДСҰ-ның соңғы зерттеулеріне сәйкес, тіпті жүкті бола алатын әйелдердің өзінде ұрық өлі немесе ішкі ағзалардың айқын аурулары болған. Сарапшылар бұл мәселенің себебі жас және жүкті әйелдер арасында алкогольді шамадан тыс тұтыну деген қорытындыға келді. Ұйым мемлекеттерді осы бастаманы қолдауға шақырды.

Ұлыбританияның бас медицина қызметкерлері жүкті әйелдерге немесе жүкті болуға ниетті әйелдер үшін ең қауіпсіз тәсіл – алкогольден мүлдем бас тарту екенін айтты.

Сонымен бірге британиялық Portman Group алкоголь саудасы ұйымының маманы Мэтт Ламберт "ДДСҰ ұсынысына алаңдаушылық білдірді".

"ДДCҰ-ның бұл ұсынысы сексистік және патерналистік сипатта және көптеген әйелдердің бостандығын шектейді", – деді Ламберт.

Талқылау