Головкиннің ең үздік бес жетістігі айтылды

DAZN спорттық ағымдық сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді  туған күнімен құттықтап, оның спорт тәжірибесіндегі ең үздік жетістіктеріне шолу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

DAZN Головкиннің басты жетістіктеріне мыналарды жатқызады:

- Олимпиаданың күміс медалі;

- 2008-2017 жылдар аралығында 23 нокаут топтамасы;

- орта салмақтағы чемпиондық атағы;

- өз титулын 20 рет қорғап шығуы;

- орта салмақтағы бокс тарихында нокауттардың ең жоғары көрсеткіші (89,5%).

Атап айтарлық жайт, қазақстандық боксшы - IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Мұнымен қоса ол IBO нұсқасы бойынша чемпион атанған. Осы жылдың қыркүйегінде Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет жекпе-жекке шығады деп күтілуде. Осы тұрғыда екі боксшының арасындағы бірінші жекпе-жек - тең, ал екіншісі - төрешілердің көп бөлігінің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған.

Еске салайық, 8 сәуір күні танымал боксшы Геннадий Головкин 38 жасқа толған болатын.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр