Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрменсіз еркектің әңгімесі": Белгілі ақын Дастан Оразбековты сынап тастады

Белгілі ақын Дастан Оразбековты сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BEY бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақын Мақпал Мыса Дастан Оразбековтың "Алау" атты әнін сынның астына алды. Әнінің сөзін жоққа шығарып, өте нашар, мағынасыз деп сөкті ақын. Намысқа тиетін сөздерді көрген Мақпал Мыса әншіні дәрменсіз еркектің әңгімесін айтасың деп айыптаған.

"Бұл мәтін өте нашар. Дәрменсіз еркектің әңгімесі. Тіпті намысқа тиетін сөздер бар. "Келеміз еркектің арын көтеріп жалғыз", "Бәріне төзу емделмес ауру" деген сөздер бар. Не айтқыңыз келгенін түсінбей отырмын. Мен ақынмын, мен түсінбегенде тыңдарман қалай түсінбек", - дейді Мақпал Мыса.  

Алайда, Мақпал Мысаға әннің қайырмасы ұнап қалған. Дастан Оразбековтың шеберлігіне күмән келтірмейтін ақын, туындыны таңдамас бұрын сөзіне мән берген дұрыс деп өтінді. 

"Бірақ, қайырма жақсы. Алау сізге де, маған да, тыңдармандарға да, бәріне керек. Алайда, шумақтары өте мағынасыз, нашар жазылған. Сержанға құлаққағыс болсын. Бірақ, ән, әуен, әншілік жағынан сіз мықтысыз", - дейді Мақпал Мыса.

Талқылау