Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: Вакцина – пандемиямен күрестің ең қолжетімді түрі

Елорда әкімдігінде әкім орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен мемлекеттік органдар, медициналық мекемелер, азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Олар пандемияны жеңудің бірден-бір тиімді тәсілі – халықты жаппай вакцинациялаудың маңыздылығы мен қажеттілігін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қоғам қайраткері, дәрігер Надежда Петухова елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір елде коронавирус ауруы 2020 жылдың шілдесіне қарағанда үш есе көп.

«Бүгінде жансақтау бөлімдерінде ауыр жағдайдағы науқастар көп. Біз бұл індеттің бұрын зерттелмеген, белгісіз және жаңа түрі екенін білеміз. Қазақстанның өз халқын вакцинациялауға мүмкіндігі бар екені қуантады. Кейбір елдерде адамдар митингілерге шығып, наразылық білдіруде, өйткені олардың вакцинациялауға мүмкіндігі жоқ. Бірақ вакцинация – коронавирустан қорғанудың жалғыз сенімді, қауіпсіз және тиімді әдісі», - деді Надежда Петухова.

Ол өз сөзінде вакцинация адамзатты талай мәрте қауіпті вирустардан құтқарғанын айта келе тарихтан мысалдар келтірді. Сол сияқты Қазақстанда 20 жылдан бері полиомиелит, дифтерия, сіреспе секілді ауру түрлері жоқ екенін әрі гепатит көрсеткіші айтарлықтай төмен екенін тілге тиек етіп өтті.

«Әрине, жұртта вакцинацияға қатысты қорқыныш бар, шындыққа жанаспайтын түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Бірақ одан қорқудың еш қажеті жоқ. Себебі вакцинациядан кейінгі стресс індетпен ауырғаннан гөрі оңайырақ. Қазіргі жағдайда, ауру біртіндеп өсіп келе жатқан кезде, адам шығыны да артуы мүмкін. Ал одан сақтанудың ең басты және сенімді жолы – вакцинация. Мемлекет бұл үшін барлық жағдайды жасады: вакцинация тегін, қолжетімді, әр емханада, сауда орындарында жүргізіледі», - деп қосты депутат.

Өз кезегінде «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин қазақстандықтар қабылдайтын вакциналардың қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін атап өтті.

«Біз Мәскеудегі профессор Гинцбург басқаратын Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығына бардық. Екі күн ішінде бізге «Спутник V» вакцинасының бүкіл тізбегі мен даму механизмі көрсетілді. Бұл вакцина сонау кеңес дәуірінде жасалған ең сәтті әзірлемелердің бірі екеніне көз жеткіздік. Біз коронавирустың қандай қауіпті ауру екенін жақсы білеміз. Бүгінде вакцинацияның баламасы жоқ», - деп атап өтті медицина ғылымдарының докторы.

Сондай-ақ, ол вакцина қауіпті ауру тудырмайды деп сендірді, өйткені ол тірі емес, клиникалық зерттеулерде айқын көрінеді.

«Вакцинация пункттерін қаладағы қоғамдық орындарда ашқанымыз өте дұрыс шешім болды. Егер өз популяциямыздың мемлекет ретінде өмір сүру керектігі туралы ойласақ, алдымен денсаулық туралы ойлануымыз керек. Бәріміз бір бағытта ойлап, вакцина қабылдасақ, қазіргі пандемия жағдайында денсаулығымызды сақтауға болады. Құрметті қала тұрғындары, дәрігерлер, әріптестеріңіз ретінде, елорда тұрғыны ретінде вакцинациядан қорықпауға, қайта ауырып қалудан қорқуға шақырамын. Себебі індеттің салдарынан тіпті психикалық бұзылуларға дейін емдеуге тура келеді», - деп атап өтті Абай Байгенжин.

Айта кетейік, кездесу онлайн режимде өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр