Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас күйінде ота жасаған: Атырау облысында 50-ге жуық шақалақ шетінеген орталық жабылады

Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы екі айда елуге жуық шақалақ шетінеп кеткен. Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері атышулы перзентхананың осындай статистикасын жариялады. Осыған байланысты бала өлімі өршіп тұрған орталықтың босану бөлімшесі уақытша жабылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

сәби

«Перинаталдық орталықтың желдеткіш жүйесі соңғы бір жарым жылдан бері жұмыс істемеген. Соның салдарынан ауада шаң мен инфекция жиналған. Ақылдаса келе, осы жағдайлар орын алған босандыру бөлімшесін уақытша жабу туралы келісімге келдік. Бұл перинаталдық орталық түгел жабылады деген сөз емес”, - деді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Нығмеджан Сапаров. 

Аталған перзентханадағы төсек жапқыш пен жаялықтар арнайы орында емес, аулада жуылып кептірілген көрінеді. Қазір мамандар ол жерден сынама алып тексеруге кірісті. Ең сорақысы, дәрігерлердің мас күйінде ота жасап, сәбилерге зақым келтіргені анықталған. Осы жайттардың бәрі бала мен ана өлімінің көбеюіне әсер еткен болуы мүмкін.

Себебі, биыл 45 мың сәби дүниеге келсе, оның 442-сі өлі туған. 432-сі жарық дүниені көре салып шетінеген. Ал бұл былықтардың әшкереленуіне себепкер болған сәби қазасына қатысты деректі жемқорлықпен күрескерлер ойда жоқта анықтаған. Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген Қуаныш Нысанбаевтың телефонын тыңдау кезінде, баланың көзін жою туралы бұйрығын естіп қалыпты.

«Біз әңгімені естіген бойда сәбиді құтқарып қалу үшін шұғыл жеттік, бірақ үлгермедік. Перинаталдық орталық қызметкерлері ұзақ уақыт бойы есікті ашпады. Ал Қуаныш Нысанбаевты сағаттап іздеп, қаладағы сауналардың бірінен ұстадық. Тергеу жұмыстарынан кейін сәбилердің жаппай өлімінің нақты себебі белгілі болады деп отырмыз”, - деді Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Нығмеджан Сапаров.

Естеріңізге сала кетсек, Атырау дәрігерлерінің 6 айлық сәбиді аман алып қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр

Әйел сүйіктісінің өзіне опасыздық жасап жүргенін картаның көмегімен білді

Ер адам бойжеткенді ұрып-соғып, ақыры істі болды

Ер адам кішкентай балықтың арқасында теңізде жоғалтқан жүзігін тауып алды

Шамамен 400 метр қашықтықты жүзіп өткен ер адам жағаға қайтып оралғанда жүзігінің жоқ екенін көрген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр