Дәрігер құрманың адам ағзасына тигізетін пайдасын тізбелеп берді
Гастроэнтеролог Кэтрин Кашух құрманың пайдасынайтып, оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің адам ағзасына қалай көмектесетінін айтты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Кашухтың айтуынша, құрма дене жасушаларын қорғайтын антиоксиданттарға бай. Олардың арасында А дәрумені, сондай-ақ көру қабілетін сақтауға көмектесетін каротиндер бар.
“Сонымен қатар, бұл жемісте C, P және B дәрумендері, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен иммунитетке пайдалы калий мен магний бар. Құрмада ас қорытуды жақсартатын талшықтар да кездеседі”, – деп қосты дәрігер.
Маман дегенмен қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы сақтықпен тұтынуы керек екенін түсіндірді. Себебі бұл қандағы қанттың күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының аурулары өршіп тұрған адамдарға да құрма жер кезде абай болған жөн. Себебі оның құрамындағы таниндердің көп болуы асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген