Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер күніне үш минут бөлу арқылы көру қабілетін қалай жақсартуға болатынын айтты

Ресейлік офтальмолог Руи Хирума көру қабілетін жақсартудың әдісін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, көзді үнемі жаттықтыру керек. Бұған қоса, көру қабілетін жақсартудың үш тәсілі бар көрінеді.

Бірінші әдіс -  Габор дақтарын қолдану арқылы жасалатын жаттығулар. Мұнда арнайы сызбалардағы айырмашылықтарды табу қажет. Бұл жаттығуды күніне үш минут орындаудың арқасында көру қабілетін екі аптадан кейін жақсартуға болады.

Екінші әдіс - термотерапия. Ол үшін сүлгіні сулап, микротолқынды пеште 30-40 секунд жылыту керек. Жылы шүберекті жабық қабақтарға қою қажет. Сүлгі салқындағанша осы қалыпта ұстаңыз. 

Үшінші әдіс - шпинатты ас мәзіріне енгізу керек. Өйткені шпинат катаракта мен макулярлы дегенерация ауруларын алдын алуға көмектеседі.

Талқылау