Дариға Бадықова кино түсірмек
Қалың көпшілікке Айсара рөлімен танымал болған актриса Дариға Бадықова болашақта кино түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/dariga_badykova
Актрисаның айтуынша, мұндай өтінішті көрермендердің өзі ұсынған.
“Өздеріңіз “фильм түсір” деп жатырсыздар. Әрине, спонсор тауып түсіруге болады. Спонсор болатын жандар жоқ емес, шүкір! Көрерменге жақын, өмірге жақын, жылайтын жері бар, күлетін жері бар, сценарийі мықты идея керек. Маған ұнайтын жанр тек комедия емес. Трагикомедия ұнайды
Трагикомедия шындығы, өмірі бар жанр”, – деп жазды Дариға.
Киноға арқау болар идея іздеп жүрген ол оқырмандарының ойын білігісі келіп, сауал жолдады.
“Қандай идея бар? Ерінбе жазыңыз. Мүмкін сіздің өміріңіз кино шығар?”, – деп ой тастады актриса.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген