Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі мен қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке 20 желтоқсанда оралады, ал оның қарсыласы американдық Алан Санчес болады.

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Жерлесіміздің келесі матчын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Даниэль Джейкобс пен Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жектің аясында қазақстандық боксшы мерикалық боксшы Алан Санчеспен жекпе-жек өткізетіні айтылған.

Бокс кеші 20 желтоқсанға жоспарланған. Хабарламада «Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған Данияр Елеусіновтің кәсіби сапары Финиксте жалғасады» делінген.

Сондай-ақ, оның фотосы алдағы бокс кешінің постеріне орналастырылған.


Оқи отырыңыз: Данияр Елеусінов алғаш рет екінші әйелін көрсетті

Талқылау