Данияр Елеусінов WBC рейтингісінен шығып қалды
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Дүниежүізілік бокс кеңесінің рейтингінен шығып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Елеусінов рейтингте 20-орында болған. Бұл боксшының жекпе-жектер өткізбеуімен байланысты болуы мүмкін. Себебі ол соңғы рет 2021 жылдың желтоқсанында шаршы алаңда жұдырықтасқан еді.
Сонымен қатар Халықаралық бокс ұйымы Елеусіновтен ІВО белбеуін қайтарып алған еді, өйткені ол ұзақ уақыт белбеуді қорғамаған.
Жақында қазақстандық боксшы АҚШ-та жаттыққан. Дегенмен рингке қайта оралуына қатысты нақты мәлімет жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

