Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Ақышевқа қатысты іс қозғалды ма: Бас прокуратура жауап берді

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Данияр Ақышев қылмыстық іске айыпталған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияр Ақышевке қатысты іс қзғалды ма: Бас прокуратура жауап берді

"Бас прокуратураның мәлімдеуінше, 2019 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Данияр Ақышевқа қатысты ақпарат алдын ала тергеудің бірыңғай тіркеліміне жоқ. Мемлекетттегі құқық қорғау органдарының өндірісінде оған қатысты қылмыстық істердің бар-жоғы жөніндегі мәліметтерге тиесілі емеспіз", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Данияр Ақышев тұңғыш президент елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып жұмыс істейді.

Бұған дейін Данияр Ақышевке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесет пайда болды. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Данияр Ақышевтың жұмыс орнында екенін мәлімдеп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығарды.

 

Талқылау