Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Тулешованың Instagram парақшасын бұғаттап тастаған (видео)

Данэлия Тулешованың Instagram парақшасын бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас әнші әлеуметтік желідегі соңғы жазбасын жазғаннан кейін, бір айға жуық уақытқа жоғалып кеткен. Данэлия Тулешованы Insagram әлеуметтік желісі жасының кішілігі үшін бұғаттап тастаған. 

Бұл туралы Данэлияның өзі айтып берді. Бұғатталған парақшалар 14 күннен кейін жойылатын болғандықтан, әнші тыңдармандарымен байланысын үзіп ала жаздаған. Алайда ол желіге қайта кіріп, парақшасын ашуға мүмкіндік алған. 

Жас әншіге парақшасын қалпына келтіруге оқырмандары көмектескен. Данэлия Тулешова тыңдармандарына туған күнінде алғыс айтып, болған жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берді.

"Бәріңіз Instagram желісінен бір айға жоғалып кеткенімді байқаған шығарсыздар. 15 жасқа толмағандықтан, менің парақшамды бұғаттап тастады. Сол себепті сіздермен байланыса алмадым. Негізі менің парақшамды өшіріп тастағылары келген. Өйткені бұғатталғаннан 14 күн өткеннен кейін парақша жойылады", - дейді Данэлия Тулешова. 

 

Талқылау