Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр сәтті бағалаңыздар": Данэлия Тулешованың қазақша әні жұртқа ұнап қалды (видео)

Данэлия Тулешова қазақша ән ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жас әнші YouTube желісіндегі парақшасына "Ана" атты қазақ тіліндегі жаңа әнін жүктеген. 13 жастағы Данэлия бұл туындысын әлемнің барша аналарына арнайтынын айтты. Осылайша өнер иесі ананың өз өміріндегі алатын рөлін де айқындағысы келген.

"Достар, менің көптен күткен "Ана" атты туындым шықты. Біз көп жұмыс істедік. Біресе бір жері, біресе екінші жері ұнамай, бірнеше мәрте қайталап та жасаған кездеріміз болды. Мен  анамды қатты жақсы көретіндіктен әлемдегі аналардың бәріне осы әнімді арнадым. Ана - өміріңдегі жалғыз жақын жан болғандықтан, анамен өткізген әрбір сәтті бағалауға шақырғым келді", - дейді Данэлия Тулешова. 

Кішкентай Данэлия әнді дайындауға атсалысқан тұлғаларға алғыс айтуды да ұмытпаған. Ол туындының жақсы шығуына мен ғана еңбектенген жоқпын деп, өзгелердің де еңбегін бағалады. 

"Мен музыка саласының мэтры, керемет адам Лұқпан Жолдасовқа, әнімнің авторы, әнге керемет сөз жазған, Eurovision Junior байқауында орындаған әнімнің де авторы Камила Дайыроваға, әнімді бір күнде өңдеген Вовка Котковқа және Наташама алғыс айтқым келеді", - деп жазды Данэлия Тулешова.  

Талқылау