Дамир Исмағұловтың кәсіпқой бокстағы қарсыласы анықталды
UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (26-3) кәсіпқой бокстағы дебютті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:Chris Unger/Zuffa LLC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов (26-3) желтоқсан айында кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Отандасымыз 20 желтоқсанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін турнирде кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Fight Nights Global тұжырымы өткізетін бокс кешінде Дамир Исмағұлов бразилиялық нокаутшы Фелипе Майаға қарсы жекпе-жекке шығады.
Айта кетейік, Дамир соңғы жекпе-жегін Alash Pride 100 турнирінде өткізіп, бразилиялық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберген еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

