Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәмханада кезіктіріп, ұнатып қалған: Алматыда қыз алып қашпақ болған жігіттер сотталды

Алматыда үш жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашпақ болғаны үшін сотталып кетті. Сотталушылардың бірі қызға үйленгісі келгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәмханада кезіктіріп, ұнатып қалған: Алматыда қыз алып қашпақ болған жігіттер сотталды

Хабарланғандай, биылғы жылдың тамыз айында үш жігіт түнгі уақытта кәмелетке толмаған қыздың үйіне барыпты. Бұл кезде қыз туыс сіңлісімен бірге серуендеп жүрген екен. Біраз уақыттан кейін С. қыздың артқы жағынан келіп, аузын жауып, достарының көмегімен көлікке қарай сүйрей жөнелген. Қалаға бара жатқан жолда қыз көліктен сытылып шығып, адам көп жүретін жолға жүгіріп шыға алған.  

Сотта С. қызды алғаш рет өткен жылы дәмханада жолықтырғанын, содан бері бақылап келгенін айтты. Сол кездесуден кейін қызды ұнатып қалған жас жігіт оны әлеуметтік желіден іздеп тауып, хабарлама жазған. Алайда жауап болмапты. Өз кезегінде жігіт қызға үйлену үшін алып қашқанын мойындады. 

Сотталушылар өз кінәсін мойындап, өкінетіндерін жеткізді.

Ал кәмелетке толмаған қыз жігіттерді кешіретінін айтып, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

Сот жас жігіттерді Қылмыстық кодекстің «Алдын ала келісім бойынша топпен кәмелетке толмаған тұлғаны ұрлау» бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр