Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазақстандық делегация ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Сирияның Дамаскі қаласына аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сапар Қазақстан Республикасының Ливандағы елшілігінің және Сирия Республикасының Қазақстандағы Құрметт елшісінің қолдауының арқасында болды. Сапардың мақсаты - қазақстандық тарап салған мәдени-тарихи орталықтың және әл-Фараби кесенесінің жағдайымен танысу, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын 2020 жылы өткізуге дайындық мәселелерін талқылау. Достық қатынастағы елдердің ортақ тарихи және мәдени құндылықтарын насихаттау және өзара тиімді іс-қимыл платформасын құру.

ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов бастаған қазақстандық делегация құрамына Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Әлімжан Құртаев, Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палторе, сондай-ақ белгілі режиссер Сергей Азимовтың және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының түсірілім тобы кірді.

Сапар барысында Дамаск әкімімен кездесу болып, онда мәдени-тарихи орталық пен әл-Фараби кесенесінің алдағы уақыттағы қызметі туралы пікір алмасу өтті. Ғалым Мұтанов қала басшылығына ғимаратты қиын әскери жағдайда сақтағаны үшін алғыс білдірді және Сирия университеттерімен ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарды жандандыруға ерекше қызығушылық білдірді.

«Қазақстан мен Сирия арасындағы достық қатынастардың терең тарихи тамыры бар. Отырар қаласында қазақ топырағында дүниеге келген әл-Фараби бабамыз және Сұлтан Захир Бейбарыс қасиетті Дамаскі жерінде жатыр. Бұл көрнекті тұлғалар біздің елімізді байланыстыратын рухани және мәдени көпір бола алады және біздің жастарымызға жарқын үлгі», - деді академик Ғалым Мұтанов.

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Дамаск қаласының мэрі өзара достық қатынастарды жақындастыруға және нығайтуға, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Сапар барысында қазақстандық делегация Дамаск университетінде болды. Оның ректоры, профессор Мұхаммед Махир Кабакиби Қазақстаннан келген қонақтарды жылы қабылдады. Ол ұлы ойшыл әл-Фараби есімімен аталған университет делегациясымен кездескеніне өте қуанышты екенін және өзара тиімді қатынастардың табысты дамитына сенім білдірді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық және әл-Фарабидің мерейтойлық шараларын өткізу мәселелерін талқылады. ҚазҰУ ректоры Мұтанов әл-Фарабидің философиялық идеяларының қазіргі әлемде ізгілік қоғамын қалыптастырудағы ерекше өзектілігін, сонымен қатар университеттердің жастарға білім беріп қана қоймай, оларды жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар әлем азаматтары ретінде тәрбиелеудің маңызды рөлін атап өтті. Ол осыған байланысты ҚазҰУ инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформаларының симбиозына негізделген «Университет 4.0» моделін жасағанын атап өтті. Модель әл-Фарабидің ізгі қоғам туралы идеяларына негізделген. Бұл жоба Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде ұсынылды, онда оны халықаралық деңгейде тарату ұсынылды.

Кездесу барысында Дамаск университетінің өкілдері ҚазҰУ-дың БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп жасалған «Ізгі қоғамдардың азаматтарының қалыптасуы. Қазіргі университеттер миссиясы» жобасымен танысты.  Түркия, Египет, Италия, Қытай, Үндістан, Болгария және басқа да елдерде ҚазҰУ ашқан әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру орталықтары мен үйлерінің қызметі үлкен қызығушылық тудырды.

Сапар барысында қазақстандық делегация Халықаралық Сирия академиясында дөңгелек үстел өткізіп, онда ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы мен өмірі, оның философиялық көзқарастары және адамзат өркениеті үшін маңызы туралы зерделенді. Іс-шарада дөңгелек үстел өткізілген Халықаралық академияның үлкен залына әл-Фарабидің құрметіне атау беру туралы шешім қабылданды.

Сапар барысында делегация құрамы Дамаскіде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ҚазҰУ түсіріліп жатқан фильмге арналған бейнематериалдар жинады.

Талқылау