Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ-тың жаңа басшысы анықталды

"Ислам мемлекеті" (ДАИШ) діни ұйымының жаңа басшысы лауазымын Әмір Мұхаммед Абдул Рахман әл-Мали әл Салби иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Даиш

Бұл туралы The Guardian басылымы жариялады. 

Басылым журналистерінің мәліметінше, Сириядағы ДАИШ-тің бұрынғы басшысы Әбу Бәкр әл-Бағдади өткен жылдың қазан айында құрықталғаннан кейін Салби аталған ұйымның лидері атаныпты.

Әмір әл Салби - ДАИШ-тің негізін салушылардың, насихаттаушылардың бірі. Әл-Бағдадидің қол астында жүргенде ол Сириядағы және Ирактағы христиан дінінің өкілдеріне геноцид жүргізуді басқарып келген. Бұған қоса ол әлем бойынша террористердің жұмыстарын қадағалап отырған. 

Негізінен ұйымның қазіргі басшысының ұлты араб емес түрікмен көрінеді. 

Бұған дейін Иракта Ислам мемлекеті жетекшісінің орынбасары ұсталғаны айтылған еді. Оған қоса Трамп ДАИШ лидерінің көз жұмғаны туралы мәлімдеген. 

Талқылау