Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондық белбеуін қорғайды: WBA Головкиннің келесі қарсыласын атады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

WBA ресми сайты белбеуді қорғаудың мән-жайын жариялап, қос боксшыға келіссөз жүргізу үшін 2 апта уақыт берді. 

"WBA орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек туралы хабарлайды, Боксшыларға келіссөз үшін 15 күндік мерзім ұсынылған. Ол 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады", – делінген хабарламада. 

Головкин IBF белбеуін қорғау үшін міндетті қарсыласы Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда қазақстандық боксшы белбеуден бас тартты. 

Назархан Уән
Жұма, 10 Ақпан, 2023 09:25
Талқылау