Чемпиондық белбеуін қорғайды: WBA Головкиннің келесі қарсыласын атады
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

WBA ресми сайты белбеуді қорғаудың мән-жайын жариялап, қос боксшыға келіссөз жүргізу үшін 2 апта уақыт берді.
"WBA орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек туралы хабарлайды, Боксшыларға келіссөз үшін 15 күндік мерзім ұсынылған. Ол 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады", – делінген хабарламада.
Головкин IBF белбеуін қорғау үшін міндетті қарсыласы Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда қазақстандық боксшы белбеуден бас тартты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

