Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» футбол клубы «Барселонаны» ойсырата жеңді

«Ливерпуль» футбол клубы «Барселонаны» ойсырата жеңіп, Чемпиондар лигасының ақтық кезеңіне жолдама алды. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын «Энфилд» стадионында өтті. Алғашқы ойында «Баселона» 3:0 есебімен жеңген еді. Алайда бұл кездесуде «Ливерпуль» қарсыласын ойсырата жеңді. 
Ойынның 7-минутында Дивон Ориги алғашқы голды соқты. Екінші кезеңнің 54-минутында жартылай қорғаушы Жоржиньо Вейналдум екінші голды соқса, арада екі минут өткеннен кейін Вейналдум үшінші допты салды. Ойынның 79-минутында Ориги қарсыластарының қақпасына төртінші голды салып, ойын 4:0 есебімен «Ливерпуль» клубының пайдасына аяқталды. 

Осылайша, «Ливерпуль» Чемпиондар лигасында «Барселонаны» жалпы 4:3 есебімен жеңді.

Мамырдың 8-інен 9-ына ауған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:50-де «Аякс» пен «Тоттенхэм» арасында жартылай кезеңнің жауап ойыны өтеді. Алғашқы ойында голландиялық клуб 1:0 есебімен жеңген еді.

Айта кетсек, Чемпиондар лигасының ақтық кезеңі 1 маусымда Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр