Ер адам шошқаның бүйрегімен тоғыз ай өмір сүріп, рекорд жаңартты
Фото: korrespondent.net
АҚШ-та науқасқа салынған генетикалық тұрғыда өзгертілген шошқа бүйрегін тоғыз айдан кейін алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
67 жастағы Тим Эндрюс шошқаның бүйрегімен 271 күн өмір сүріп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі рекордтан (130 күн) екі есеге жуық көп. Массачусетс ауруханасының хирургтары органның қызметі төмендеген соң оны алып тастаған, ал науқас қайтадан тұрақты диализ қабылдай бастады. Эндрюс қазір адам бүйрегін алмастыруға арналған күту тізімінде тұр.
Дәрігерлердің айтуынша, ол ксенотрансплантация (жануар мүшесін адамға салу) саласында жаңа кезеңді бағындырды. Салынған шошқа бүйрегінің геномына 69 өзгеріс енгізілген. Олардың ішінде қауіпті вирустарды өшіру және адам ағзасына үйлесімділігін арттыру бар.
Бұл АҚШ-та жасалған төртінші осындай ота. Елде қазіргі уақытта 90 мыңнан астам адам бүйрек трансплантациясын күтіп отыр. Дәрігерлер жыл соңына дейін тағы бір пациентке шошқаның бүйрегін салу операциясын жоспарлап отыр.
Робот-хирург алғаш рет адам көмегінсіз күрделі отаны сәтті жасады
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Алабама штатының тұрғыны Тована Луни шошқаның бүйрегімен ең ұзақ өмір сүрген науқас атанды. Қазір ол осы ағзамен 61 күн өмір сүрді және өзін жақсы сезінетінін айтты.
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады