Еліміздің екі аймағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Фото: pixabay.com
Ақтөбе және Қызылорда облыстарында тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы 07 желтоқсан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылы 08 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ал 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 17:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл жанармай стансасы - Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады