Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұйырды": Тамара Асар президенттің арнайы сыйлығын алды

Тамара Асар президенттің арнайы сыйлығын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жаңалықты өнер иесінің өзі желідегі парақшасында жариялап, қуанышымен бөліскен. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы сыйлығын алған Тамара Асар осылайша жүлдесін жұртқа көрсетіп мақтанды.

"Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы марапатын алу бұйырды", - деп жазды Тамара Асар. 

Мұны көрген желідегі жұрт Тамара Асарды жүлдесімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Еңбегіңнің ақталғаны деген осы, әлі де шығар биігің мен бағындырар шыңың көп болады деп өнер иесіне қолдау көрсетіп, қуанышын бөліскен. Алайда, марапатта Тамараасар Қалниязқызы деп жазылған. Жұрт өнер иесінің қате жазылған атын көріп таңқалысқан.

"Құтты болсын жаным! Өнерде жүзген үлкен кемең бар, халқының абыройлы әншісі атағынан айырмағай", "Құтты болсын! Ең бастысы президенттің қолы мен мөрі тұр ғой", "Батырлығыңа таңқаламын", "Енді "Шəй ішіп кетсең қайтеді мен ұсынған кеседен" деп ән  шырқап жадырап, жайнап жүре беріңіз ортамызда", - дейді жұрт.

 

Талқылау