Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басқармасы Қазақстанды бейбіт шеру өткізу еркіндігін құрметтеуге шақырды

БҰҰ-ның Жоғарғы комиссариатының адам құқықтары жөніндегі басқармасы Қазақстанды бейбіт шерулер, пікірін білдіру еркіндігін және саяси өмірге араласу құқығын құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі комиссариаттың сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның 9 маусымдағы президент сайлауына дейінгі және кейінгі бейбіт шерулерге, белсенділер мен журналистерге қарсы әрекеттері үлкен өкініш тудырады. Пікір білдіру және бейбіт шеру өткізу еркіндігі табысты әрі серпінді қоғамның негізі болып табылады. Оларды қажеттіліксіз, негізсіз тоқтатуға бағытталған кез келген талпыныс тұрақтылық пен әлеуметтік ауызбіршілікке қауіп төндіреді», - дейді БҰҰ-ның Орта Азиядағы адам құқықтары жөніндегі басқармасының басшысы Ришард Коменда.

БҰҰ басқармасы саяси көзқарсы мен келіспеушілігін бейбіт және заңды түрде танытқандардың айтарлықтай көлемде тұтқындалғаны үшін алаңдаушылық танытты. 

«Бұл Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық заң талаптарына қайшылығы. Мен Қазақстанды өзінің заңдық міндеттерін атқарып, бейбіт шеру өткізу, пікірін білдіру еркіндігін құрметтеу және сақтауға, саяси өмірге сындарлы қатысуын қамтамасыз етуге шақырамын», - дейді Ришард Коменда.

ІІМ мәліметінше, 9 және 10 маусымда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингіге қатысқан 700-ге жуық адам ұсталып, 550-ге жуығы айыппұл және қамау түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр