Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігіне тиесілі бөлімдерге екі меңгеруші тағайындалды

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов пен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов президент әкімшілігіне тиесілі бөлімдердің меңгерушілері болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ересұлы Бұршақов ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды. Ол ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов ҚР президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол ҚР президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

 

ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» пайда болды.
Талқылау