Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы теміртаулық металлург сирек жәндіктерді өсіру үшін жұмысын тастаған

Теміртаулық бұрынғы металлург экзотикалық жәндіктерді өсіре бастады. Ер адам өз коллекциясында 50-ден астам әртүрлі өрмекші, центипед, шаян және қоңыз түрлерін жинаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana tv телеарнасына сілтеме жасап.

Сергей Маляров металлург болып 13 жылдан аса уақыт жұмыс істеген. Күндердің күнінде ол өзінің сүйікті ісімен айналысқысы келетінін түсінген. Экзотика ер адамды барлығынан артық қызықтырған. Жинаған коллекциясы мәрмәр тарақандармен, қаракұрт өрмекшілермен, үлкенді-кішілі шаяндармен және басқа үй жануарларымен тез толған. Сергей әйелі Лидияны да өз хоббиіне қызықтырған. 25 жылдық тәжірибесі бар шаштараз жары да жұмысын тастап, сирек кездесетін жануарларды аулау үшін күйеуімен Қызылқұмға аттанған. Ерлі-зайыптылар өз экспозицияларына жаңа жәндіктерді табу үшін 4 күн шөл далада тұрған.

 "Олардың ультрафиолет спектрінде жарқыраған қызықты қабығы бар. Түнде жарықпен жүргенде байқайсыз, барлығы сұр кейіпте. Содан кейін жарқыл пайда болады. Бұл шаян. Қазақстандағы шаяндардың түрлері өте көп. Олардың уы мен жыланның уы фармакологияда қолданылады. Өзімді көп істе сынап көргім келеді”, – дейді жеке кәсіпкер Сергей Маляров.

Экспонаттардың көп бөлігі Ресейден әкелінеді. Тіпті экзотикалық жәндіктерді өсіру үшін ерлі-зайыптылар мемлекеттен грант алған. Сергей мен Лидия аквариумдар мен террариумдарды орналастыруға 300 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. Ол қалалық саябаққа жайғастырылды. Карантин аяқталған бойда олар мектептермен жұмыс жасап, павильонда биология және зоология сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр. 

"Мұндай жәндіктерді көру үшін тропикалық елдерге барудың қажеті жоқ. Біріншіден, ол маған өзінің мөлшерімен ұнайды. Балалар үлкен қызығушылықпен қарайды. Тіпті арасындағы батылдары жәндіктерді өздерімен үйіне алып кеткісі келіп, аналарына өтінеді. Аналары, әрине, қуанады", – дейді әйелі Лидия Малярова.

Кәсіпкерлер ерекше бизнестің дамуына кең мүмкіндіктер бар екенін де айта кетті. Серпантарий жасаудан бастап, медициналық мақсаттағы уларды жинауға дейінгі түрлі идеялар толып жатыр.

Талқылау