Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

52 жастағы америкалық әйел ғашық болып қалып, Қазақстанға көшіп келуді ұйғарған

АҚШ азаматшасы Кристен Дениелсон Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келгісі келеді. Ол осында тұрақты тұру үшін құжаттар тапсырмақ. Сондай-ақ, 15 жыл бұрын АҚШ-қа көшіп кеткен кейуана да елге оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрынғы қазақстандықтар АҚШ-тан елге оралуда

Ведомство мәліметінше, 2016 жылы америкалық әйел солтүстік қазақстандық азаматпен танысып, әрі қарай Қазақстанда өмір сүргісі келген. Артынша 52 жастағы шетелдік әйел көші-қон басқармасына жүгініпті. Әзірге ол Петропавлда бір айға тіркелді. 

Сонымен қатар 89 жастағы Вера Бурлакова да отанына оралуды ұйғарған. Зейнеткер 2004 жылы АҚШ-та тұратын қызына көшіп барған. Арада 15 жылға жуық уақыт өткеннен кейін СҚО тумасы Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырыпты. 

«Мен осы жерде туып-өстім. Фабрикада, автобус паркінде жұмыс істедім. Күйеуім екеуіміз 6 баламызды өсіріп, жеткіздік. 75 жасымда шетелге кеттім. Осы жылдар бойы отаныма қайтып оралғым келетін. Қайтып оралғаным үшін қуаныштымын. Мұнда менің туыстарым, немерелерім бар», - дейді Вера Бурлакова.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 151 адам тұрақты тұру мақсатында құжаттар тапсырып, рәсімдеген. Олардың 8-і шетелден келіпті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр