Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әскери базаға коронавирус жұқтырған азаматпен бірге жауып тастаған: Қырғызстанда карантинде жатқызылғандар мұңын шақты

Қырғызстанда коронавирус анықталған мемлекеттерден келген азаматтарды бұрын америкалық әуе базасы болған әскери бөлім ғимаратына карантинге жабуда. Бірнеше тәулік бұрын онда жатқандардың саны жүзден асыпты. Бүгінгі күні олардың біраз бөлігі карантиннен босатылыпты, десек те келіп жатқандардың қарасы әлі таусылар емес. Бұл жаққа карантинге жабылғандар мұндағы қиындықтарды айтып, наразылықтарын білдіруде. Өз кезегінде Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі аталған жағдайды түзетуге бар күштерін салып жатқандығын жеткізіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

ҚырғыстанСурет: Стивен Лиой

Ең алғашқы коронавирусты жұқтырған адам Қырғызстанда бір апта бұрын тіркелген. 25 наурыз күні індетті жұқтырғандардың саны 44-ке жетіпті. Осы жайттан кейін Қырғызстан билігі шетелден оралған азаматтарды екіге бөле бастапты: коронавирус жұқтырғандардың саны 1000-нан асқан мемлекеттерден қайтқандар мен коронавирус табылған басқа елдерден келгендер. Екінші санаттағылар үй карантиніне жабылса, бірінші топтағылар "Манас" америкалық әуе базасына орналастырылыпты. Карантинде жатқандар ғимараттың жағдайы тіпті айтқысыз, бұл жақта ауруды жұқтыру қауіпі бірнеше есе артырады деп шырылдауда. 

32 жастағы Катя (есімі өзгертілген) Дубайдан іссапардан жақында оралыпты. Ол бірнеше жыл бойы екі елдің арасында қатынап тұрады екен. Бұл жолы Біріккен Араб Әмірліктерінен келген әйел мен ұшақтың қалған жолаушыларын бірге жинап, әскери казармаға апарып жатқызған. 

"Келгенімізде сынама алынып, дене қызуымыз өлшенді. Бәрімізге бір медициналық маскадан таратып берді. Неге тек қана біреу деп сұрап едік, барлығына жетпей жатыр деп жауап қайырды медициналық қызметерлер. Дезинфекция туралы тіпті сөз болмады", - дейді қырғызстандық әйел. 

ҚырғыстанСурет: Стивен Лиой

Сөзінше, олар төрт адамдық, терезесі жоқ бөлмелерге жатқызылыпты. Бір қабаттағы адамдар үшін бір дәретхана қолданылғанынан бөлек, қызметкерлер тамақты далада береді дейді Катя. Бұған қоса мұнда жатқандардың барлығы бірдей карантин ережелерін сақтамайтын көрінеді. Ал содан кейін мемлекеттің коронавирус ережелерін өзгерткенін естіген олар тіпті абдырап қалған. Өйткені енді аурудың белгілері байқалғаман азаматтар үйлеріне карантинге жатқызалды деп айтылыпты. Дубайдан енді Катядан кейін оралғандардың барлығы дерлік өз үйлеріне қайтарылыпты. 

"Бізге бірнеше рет сынама жасалды. Біздің жатқан жеріміз қорқынышты, сипаттауға келмейді. Бізді осында жатқызады да, ал басқаларын үйлеріне қайтарады. Бұл не деген әділетсіздік?", - дейді Қырғызстанға Түркиядан оралған азамат Стивен Лиой. 

Айтуынша, ол шетел азаматы болғандықтан елге кіруіне шектеу қойылыпты. Ақырында  ол қырғызстандық әйелдің жұбайы болғандықтан Қырғызстанға кіргізіліпті. 

"50 адам тұратын ғимаратта блок-бекеттер орналастырылды. Бұл біздің жүріп-тұруымызға қойылған шектеулердің бірі еді. Бірнеше күннің ішінде мұндағы азаматтардың саны 300-ге жетті", - дейді Стивен.

ҚырғыстанСурет: Стивен Лиой

Сөзінше, тек алты күннен кейін карантинде жатқандардың қандары тағы алынып, сараптамаға  жіберілген. Егер коронавирус анықталмаса, үйге қайтасыңдар депті қызметкерлер. Қайта алынған сынаманың нәтижесінде Франциядан келген қырғызстандық азаматтың коронавирусқа шалдыққаны анықталыпты. Осы уақытқа дейін ол бірнеше адамдармен қарым-қатынасқа түскен дейді Стивен.

"Менің төсегім коронавирус анықталған азаматтың төсегінен бір метр ғана қашықтықта орналасқан. Ал біз бір бөлмеде төрт күн бойы жаттық. Енді тіпті бөлмеден шығармай жатыр. Жанымызда дәрігер де, күзетшілер де жоқ. Ал менің сөзіме ешкім құлақ асқысы келмейді", - дейді Франциядан келген азаматпен бір бөлмеде жатқан Борис (есімі өзгертілген).

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері аталған жайт туралы "бұл жер төсек саны жеткілікті жалғыз орын болды" деп ақталыпты. 

"Бұл бұрынғы әскери бөлімдер. Осы жерде төсек жабдықтары, алғашқы санитарлы тазалау, тамақ сынды қажетті нәрселердің барлығы бар. Әрине, үйдегі секілді жағдай жасалмайды. Десек те басқа орын жоқ. Шетелден оралғандарды әуежайдан келгенде дереу карантинге жабу керек болды. Сол себепті осы әскери базаға орналастыру ұсынылды", - депті Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

ҚырғыстанСурет: Стивен Лиой

Қырғызстанда ең алғаш ауруды жұқтырған азаматтар Сауд Арабиясына қажылыққа барып келгендер көрінеді. Бір уақытта бірден үш азаматтың коронавирусқа шалдыққаны анықталыпты. Қазір мемлекет аумағында тұрғындардың сыртқа көп шығуына шектеу қойылып, барлық оқу орындары жабылыпты.  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 531-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Марқұмның анасы карантинге жабылғандықтан жеткіншекті жерлеу рәсіміне қатыстырылмапты

Алматыда коронавирусқа байланысты инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Бой көтеретін емхана нысаны 280 орынға арналған

Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды

Қазір карантинге жабылғысы келмеген азамат ауруханада жатыр

Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған

Көз жұмған адам - 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны

Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетіліпті

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен

Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Ауру жұқтырғандардың саны 525 болды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған
Çàãðóçêà...