Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің бұрынғы депутаты Камал Бұрханов өмірден өтті

Қазақстандық ғалым, саясаттанушы, Мәжілістің экс-депутаты Камал Бұрханов о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Камал Бұрханов

Бұл туралы мәжілісмен Мұрат Бақтиярұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

"Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай", - деп жазыпты шенеунік желідегі жазбасында. 

Камал Низамұлы Бұрханов 1954 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. 1977 жылы Ташкент мемлекеттік университетін, 2003 жылы Мәске мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 

Қазақстанның акедемгі, саясат ғылымдарының докторы К. Бұрханов 40-тан астам ғылыми еңбектердің, кітаптар мен мақалалардың авторы. IV-V кеңестің Мәжіліс депутаты болған. 


 

Талқылау