"Бұл жай ғана профилактикалық шара болды": ІІМ Алматы мен Нұр-Сұлтанда адамдарды ұстау оқиғасына қатысты

12 маусымда Алматыда және Нұр-Султанда алдын алу шаралары кезінде ұсталғандар жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 12 маусымда әлеуметтік желілерде заңсыщз митингілерге шығу туралы айтылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін профилактикалық шаралар қабылдады.

"Сәкіде отырған немесе басқа жерлерде отырған азаматтарды ұстау туралы бүгінгі күні фактілер тіркелген жоқ. Әрі қарай тексеру барысында белігеі болса, шара қолданылады. Барлық іс-әрекеттердің құқықтық бағасы кейінірек берілетін болады", - деді Байболв журналистердің сұрағына жауап берді.

Мақсат Байболовтың айтуынша, қалалық полиция қаладағы азаматтардың ешқайсысын ұстаған жоқ, тек профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов, өз бетінше желіде рұқсат етілмеген әрекеттерге шақыру әкімшілік құқық бұзушылықтың бір элементі болып табылатынын айтты. Әлеуметтік желілердегі осындай хабарлар тараса, құқық қорғау органдары профилактикалық шара жүргізеді.

Бұдан басқа, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, айқай-шуға байланысты азаматтардан мыңдаған шағымдар келіп түскен. Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережесінің бұзылғаны туралы шағым айтты.

"Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттерді болдырмау және қылмыскерлерді ұстау бойынша шаралар қабылдады, полицияның әрекетінен зардап шеккендер туралы әлеуметтік желілерде таратылатын ақпаратжалған", - деді Нұрпейісов.

Барлық оқиғалар заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілгенін сеніммен айта аламыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дұрыс әрекет жасады.

Естеріңізге сала кетейік, 9, 10 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митинг өткізілді. Осы екі күн ішінде ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, шамамен 700 адам ұсталды. Сонымен қатар тәртіпсіздік кезінде үш полиция қызметкері зардап шекті.

12 маусым күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық аймағында болған жазықсыз адамдардың босатылуын талап етті.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген
Çàãðóçêà...