Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бұл тамаша болар еді": Головкин бұрынғы әлем чемпионына жекпе-жек өткізуді ұсынды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қызығушылығын таныстыратын Том Леффлер екінші орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы ұлыбританиялық Карл Фрочқа рингте кездесуді ұсынды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Allboxing.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Головкин мен Фрочтың жекпе-жегі 2016 жылы талқыланып, нәтижесінде 2014 жылы мансабын тәмамдаған Фроч рингке қайтып оралмауды ұйғарған еді. Бүгінде ол бірнеше сұхбатында Гроувспен үшінші жекпе-жек өткізу үшін шаршы алаңға қайтып оралуға дайындықты бастайтынын мәлімдеді. Олардың 2014 жылғы жекпе-жегі Лондондағы Уэмбли стадионында 80 мың көрермен жинады», - дейді Леффлер. 

Басылымда Фроч Головкинмен жұдырықтасса, 80 мыңның орнына, 90 мың көрермен жинай алатыны айтылды.

«Қазір босктағы жаңа экономикалық ахуалда Карл гонорарға қанағаттанатын болар. Эдди Хирннің сөзінше, сол кезде боксшының мұрнын түзетіп, оны қайта қисайтып алғысы келмегені кедергілердің бірі болған. Алайда Головкин Уэмблиде Карл Фрочқа қарсы дегенді естіңіздерші! Бұл тамаша болар еді. Сол кезде ол 80 мың көрерменнің орнына, 90 мың туралы айта алар еді», - делінеді порталда. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр